Коронавирус жұқтырған 242 адамның жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған 242 адамның жағдайы ауыр

22.02.2021
Коронавирус жұқтырған 242 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте коронавирустан 5 адам көз жұмды. 699 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 208117-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 642 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 191739. Қайтыс болғандар - 2699.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 21 285 адам ем қабылдап жатыр. 242 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 13 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48983 адамға пневмония диагнозы қойылды. 40765 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 612.

Хабарламаларға жазылу