АҚШ-тың 7 штатында қалың қар мен аяздың салдарынан қайтыс болғандар саны 34-ке жетті. Техас тұрғындары төртінші күн үйлерінде жылу мен сусыз отыр. Электр жарығы кей аудандарда ғана қалпына келтірілген. Мұндай аязды бұрын көрмеген халық газ баллондары мен генераторларды қолданып, көліктерде жылынуға мәжбүр. Оның салдары иіс тиіп, өрттің шығуына әкеп жатыр. Кей тұрғындар бірнеше күн ыстық тамақ ішпегендерін айтуда. Олар үшін штат аумағында арнайы тамақтандыру және түнеу орталықтары ашылған. Синоптиктер салқын ауа райы сенбіге дейін сақталады деп отыр.
Жансая Қапасқызы