Коронавирустан қайтыс болғандар саны 213-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 213-ке жетті

31.01.2020

Ресейде коронавирусты екі адам жұқтырды. Олар Тюмень облысы мен Забайкальеде анықталған. Ал Қытайда осы инфекциямен байланысты жаңа пневмониядан қайтыс болғандар саны 213-ке жетіп, қауіпті инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 9700-ге жуықтап қалды.

Бұл вирус осы елдің орталығындағы Ухань қаласында желтоқсан айында жабайы жануарлар мен өсімдіктер базарынан тарады. Бүгінде ол әлемнің 23 еліне жеткен. Дегенмен, Қытайдан тыс жерде емі жоқ дерттен әзірге құрбандар тіркелген жоқ.

Тағы бір айта кететін жайт, қазір дүниежүзі елдері Уханнан өз азаматтарын жаппай әкетіп жатыр. Сонымен қатар ірі әуе компаниялары Қытайға ұшақ жіберуді доғарды. Олардың қатарында «Бритиш Эйруэйс», «Эйр Франс», «Люфтганза», KLM тәрізді авиациялық тасымалдаушылар бар.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу