Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

19.02.2021
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 631 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 262 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 172 адам және 749 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 658 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 664 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел азаматтарын пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 402 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 530 адам, Түркия – 1 492 адам, Үндістан – 1 119 адам, Ұлыбритания – 882 адам, Өзбекстан – 593 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.


Хабарламаларға жазылу