Еңбек мигранттарына квота беру артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек мигранттарына квота беру артады

20.04.2023

Этникалық қазақтарға «Ата жолы» картасы беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі миграциялық саясаттың 2023-27 жылдарға арналған концепциясын таныстырды. Картаны өзге елде тұратын қандастар ала алады. Ол үшін Қазақстан азаматтығын алу да міндетті емес. Ал шетелдік еңбек мигранттарына 22 260 квота бөлінді. Бұл еңбек күшінің 4 пайызын құрайды. Қазір Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеп жатыр. Шетелге табыс табу мақсатында кеткен отандастарымыздың құқығын жан-жақты қорғау жайы да назарда.

Ілияс Испанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Жаңа ережеге сәйкес, ұтқырлық сертификаты енгізілді. Ол дегеніміз жұмыс беруші арқылы үй мәселесінің 50 пайызын төлеп беру, үкімет төлеп береді. Сонда жұмыс беруші оңтүстік өңірлерден жұмысшыларды алып келген кезде оларды ынталандыру арқылы осы мәселені шешетін болады. Шетелдегі азаматтар елге келу үшін сыртқы істер министрлігінің шетелдегі елшіліктер арқылы құжаттарын тапсырады.


Хабарламаларға жазылу