Қызылорда облысының Аранды ауылындағы мектептің ауласын су алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының Аранды ауылындағы мектептің ауласын су алды

12.03.2018

Қызылордада Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылындағы мектептің ауласын су алды.  Осыған орай сабақ тоқтады. Төтенше жағдай жаңбырдың мол жаууынан болған. Қазір арнайы техниканың көмегімен суды тартып, тазарту жұмыстары жүргізілуде. Мектеп ғимаратының салынғанына небәрі үш-ақ жыл. Бірақ, ылғалдың салдарынан іргетасы отырып, қабырғасы жарылды. Еденіне де зақым келген. Төтенше жағдайға байланысты құрылған комиссия нысанның техникалық жағдайын зерттеп, зерделеп жатыр.

Бағдат Бердәулетов, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Жергілікті әкімдікпен сол ауылдық округтың жанында орналасқан Қожабақы ауылындағы №25 орта мектепке бүгіннен бастап балаларды екінші ауысымға тасымалдау жүргізіліп, оқу процесі кедергісіз әрі қарай жүргізілетін болады. Әрі қарай мектепті пайдалану жағдайына байланысты арнайы комиссия жұмыс жасап, тәуелсіз эксперттердің қорытындысы негізінде шешім қабылданады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу