Абай облысында зардап шеккендерге еріктілер көмек беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында зардап шеккендерге еріктілер көмек беріп жатыр

29.03.2024

Абай облысының Ақсуат ауданында екі елдімекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Кіндікті ауылынан Ақсуат ауылына 25 адам, оның ішінде 4 бала жеткізілді. Жолын су шайып қатынас үзілген Кіндікті тұрғындарына МИ-8 тікұшағымен азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалданған. Қарғын су Уаң ауылы маңында бөгетті де бұзған. 25 тұрғын Жәнтікей ауылындағы орта мектептің ғимаратына орналастырылды. 400 бас мал ауылдың шетіне шығарылды. Ал Аягөз ауданында өзеніндегі су деңгейі 365 сантиметрге дейін көтерілген. Сондықтан Аягөз қаласының шет жағындағы 43 жеке тұрғын үйден 172 адам түнделетіп мектеп-интернат пен жасөсіпірімдер спорт мектебіне эвакуацияланды. Төтенше жағдай қызметінің мамандары да үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Халыққа волонтерлар мен жастар қажет азық-түлікті қайықпен жеткізді.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу