Мұнай қымбаттап, теңге нығайып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қымбаттап, теңге нығайып жатыр

15.02.2021

Мұнай бағасы былтырдан бері алғаш рет барреліне 63 доллардан асты. Ал WTI-дің құны 60 доллар. Осылайша жыл басынан бері қара алтын шамамен 11 пайызға қымбаттады.

Мұндай баға соңғы рет былтыр қаңтарда болған. Содан бері құлдыраған баға қайта өсіп келеді. Құнның көтерілуіне ОПЕК плюс ұйымына мүше елдердің өндіріс көлемін азайтуы және соның арқасында сұраныстың артуы себеп. Теңге де күн сайын нығайып келеді. Бүгін АҚШ ақшасы теңгеге шаққанда сәл арзандады. Көк қағаз қазір 416 теңге саудаланып жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу