Қазақстанда жаңа көліктерге сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жаңа көліктерге сұраныс артты

15.02.2021

Елімізде жаңа автокөліктерге сұраныс артып келеді. Қаңтардың өзінде ел азаматтары 80 миллиард теңгеге 8 мыңнан астам темір тұлпар сатып алған.

ҚазАвтоПромның хабарлауынша бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 68 пайызға артық. Жүргізушілердің 5 мыңнан астамы елімізде құрастырылған, ал үш мыңдайы импорттық көліктерді иеленген. Жаңа көліктерді сатып алушылар әсіресе Алматы, Шымкент пен Нұр-Сұлтанда көп. Мамандардың айтуынша жаңа машиналарға сұраныстың артуымен еліміздегі көліктердің орташа жасы азайып келеді. Мәліметтерге қарасақ қазір ол 20 жылға тең.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу