Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

15.02.2021

Алматы-Өскемен тас жолының жол көлік оқиғасында жеті адам қаза тапты. Жеңіл және жүк көлігі соқтығысқан апат Ақсу ауданының аумағында болған. 

Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл апаттың басты себебі қалың тұман болуы мүмкін. Nissan көлігінің жүргізуші қатты жылдамдықпен жол жиегінде тұрған жүк көлігінің тіркемесіне кіріп кеткен. 

Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі және төрт жолаушысы мерт болған. Сондай-ақ тіркеме артында тұрған жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы да осы жерде жантәсілім еткен. Қазір қаза болғандардың аты жөні анықталуда. 
Сондай-ақ 2 күн бұрын Еңбекшіқазақ ауданында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусының жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай аударылды. Салонда отырған 21 жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілген. Жеңіл жарақат алған 19 адам үйіне қайтарылды. Жолаушылардың көбі - медицина қызметкерлері. 

Алматы облысында ауа райы күрт жылынып кетті. Күндіз қар жылдам еріп, түңгі уақытта қалың тұман түзілуде. Сондықтан тәртіп сақшылары жол ережелерін сақтап жылдамдықты асырмау қажеттігін ескертеді. 

Хабарламаларға жазылу