Алматы облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды

15.02.2021
Алматы облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды. Оқиға 14 ақпанда Алматы-Өскемен тасжолының 342-шақырымында болған.

Алдын ала болжам бойынша Nissan Qashai көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың шетінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

«Оқиға салдарынан 7 адам мерт болды. Жеңіл автокөліктіктің жүргізушісі және жолаушысы, жүк көлігінің де жүргізушісі мен бір жолаушысы жан тапсырды. Қайтыс болғандардың кім екені анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық полицияның және Ақсу ауданының тәртіп сақшылары жұмыс істеді», делінген хабарламада. 

Қазір аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Хабарламаларға жазылу