Орталық Азия және Қазақстан теңіз университеттерінің лицензиясы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия және Қазақстан теңіз университеттерінің лицензиясы тоқтатылды

23.01.2020
Орталық Азия және Қазақстан теңіз университеттерінің лицензиясы тоқтатылды

Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ларға мониторинг жүргізуде. Мониторинг мамандар даярлау сапасын анықтау мақсатында қолға алынған. 

Орта Азия университеті мен Қазақстан теңіз университеті білім саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі  хабарлады. Атап айтсақ, ҰБТ-дан шекті балл жинамаған немесе ҰБТ сертификаты жоқ талапкерлерді қабылдаған.

Сондай-ақ, оқу сапасы төмен.

Түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болмай отыр. Жұмыспен қамту пайызы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді, яғни 50% -дан аз.

Білім және ғылым министрлігі аталған университеттердің лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы 2019 жылғы 3 желтоқсанында қаулы қабылдады. Қазір Комитет шешімімен ЖОО келіспей, қарсы шағымданды. Сот процесі жүруде.

Хабарламаларға жазылу