Еліміздің сыртқы қарызы 161 миллиард долларға жетіп қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің сыртқы қарызы 161 миллиард долларға жетіп қалған

09.02.2021

Еліміздің қарызы 161 миллиард долларға жетіп қалды. Бүгін сыртқы қарыздар жайлы айтқан Ұлттық банк өкілдері берешектің басым бөлігі жеке компанияларға тиесілі екенін мәлімдеді.

Яғни ол үшін мемлекет те, халық та міндеттеме алмайды дейді. Мәселен 160 миллиард 900 миллион доллар көлеміндегі қарыздың 101 миллиардтан астамы Қашаған, Теңізшевройл және Қарашығанақ жобаларын іске асыру үшін инвесторлардың алған берешегі дейді. Ал 46 миллиарды өзге компанияларға тиесілі. Мемлекеттің қарызы - 13 миллиард 200 миллион доллар. Ұлттық банктің хабарлауынша оның көлемі соңғы бірнеше жылда 18 пайызға азайған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу