Коронавирус жұқтырған 261 адамның жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған 261 адамның жағдайы ауыр

09.02.2021
Коронавирус жұқтырған 261 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте коронавирустан 12 адам көз жұмды. 918 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 197033-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 1300 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 178044. Қайтыс болғандар - 2613.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 26 380 адам ем қабылдап жатыр. 261 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 5 адам дертке шалдыққан. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48318 адамға пневмония диагнозы қойылды. 37730 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 584.

Хабарламаларға жазылу