Мұнай қымбаттап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қымбаттап келеді

08.02.2021

Қара алтын тағы қымбаттай түсті. Бір аптадан астам тұрақты өсім көрсеткен брент маркалы мұнайдың бағасы 60 доллардан асты. Ал WTI-дің баррелі 57 доллардан сатылып жатыр.

Лондон биржасының ақпаратына сай, мұндай баға соңғы рет былтыр 29-шы қаңтарда болған. Содан бері құлдырап, қайта көтерілген баға тағы өседі дейді сарапшылар. Американың энергетика министрлігі де бұған дейін мұнай баррелі 173 долларға дейін қымбаттайды деп болжам жасаған еді. Шикізат бағасының өсуі теңгеге оң әсер етіп жатыр. Қор биржасындағы саудаға сай, ұлттық валютамыз сәл нығайды. Қазір АҚШ ақшасы 418 теңге.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу