Түркістандық полицейлер 12 метрлік құбырға түсіп кеткен баланы құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық полицейлер 12 метрлік құбырға түсіп кеткен баланы құтқарды

03.02.2021

Түркістан облысы, Қайнар ауылында тереңдігі 12 метр болатын құбырға түсіп кеткен бала құтқарылды. Су жиналатын ескі құбырдан полицейлер жасөспірімді арқанмен тартып шығарып алған. 12 жастағы бала інісімен ойнап жүріп абайсызда бетон шұнқырға түсiп кеткен. Бірнеше сағат бойы өздігінен шыға алмаған соң, полициядан көмек сұрауға тура келген. 

Хабарламаларға жазылу