Бір тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды

02.02.2021
Бір тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды. 1161 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 189131-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 1195 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 169963. Қайтыс болғандар - 2559.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 909 адам ем қабылдап жатыр. 264 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 24 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47898 адамға пневмония диагнозы қойылды. 36028 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 570.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу