Павлодар облысында 16 санитарлық бекет қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 16 санитарлық бекет қойылды

01.02.2021

Коронавирустың таралуы бойынша үш аптадан бері қауіпті аймақта тұрған Павлодар облысында карантиндік шектеулер тағы күшейтілді. Бүгіннен бастап өңірдің 7 ауданында 16 санитарлық бекет қойылды. Себебі соңғы тәулікте ауру жұқтырғандар саны 7 адамнан асқан. Енді бұл елді мекендерге кіріп-шығатын адамдар міндетті түрде тексеруден өтеді. 

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап короновирус жұқтырған 4479 адам тіркелді. 1 ақпан күны 246 адамнан вирус анықталды. 9 аудан мен 3 қала қызыл аймақтар қатарына кірді. Аурудың жұғу қарқыны күшейгендіктен қатаң шектеулер енгізуге мәжбүр болып отырмыз.

Ақтөбедегі мектептердің бірінде мұғалімнен COVID-19 вирусы анықталды. Онымен байланыста болған 62 адам оқшауланды.

47 оқушы мен басқа 15 адамның алғашқы сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Алайда, 12 күннен кейінгі тексерістен соң 5 оқушы мен тағы бір оқытушының да індетке шалдыққаны белгілі болды. Қазір коронавирус шыққан сыныптар жабылды. Науқастармен байланыста болғандар үй карантиніне алынды. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу