Павлодар облысында орман алқаптарына 16 бекет орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында орман алқаптарына 16 бекет орнатылды

20.08.2021

Павлодар облысында орман өрті жиілеп кетті. Себебі, найзағай ойнап, қурап тұрған қарағайға жай түсетін болған. Биылғы жылы өрттің 80 пайызы найзағайдан,-дейді мамандар. 600 гектардан астам жер күйіп кетті. Оның 250 гектары - жасыл желек. Сондықтан Шалдайдағы қарағайлы орман алқаптарына тәулік бойы жұмыс істейтін 16 бекет орнатылды. От бықсып жана бастағаннан-ақ мұнара басынан дабыл қағылып, арнайы техника жұмылдырылады.

Қадырбай Тоқтасын, «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының директоры:
Бүгінгі күні 63 өрт орын алып отыр. Оның 59 жаңағы найзағайдан. Бір күнде 28-29 өрт орыны табылды. Қиыншылықтарға, туындаған ауыр жағдайларға қарамай уақытында, уақтылы сөндіріп алған жағдайымыз бар.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу