ШҚО-да санитарлық бекеттер қайта қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да санитарлық бекеттер қайта қойылды

25.01.2021

Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, өңірдің Павлодар облысы жағынан кіретін жолдарға екі санитарлық бекет қайта қойылды. Сондай-ақ, мұндай бекеттер мемлекеттік шекарада тұрған автокөлік өткелдерінде де бар. Соңғы тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясы 31 адамнан анықталды. Ал облыс бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 20 мыңға жуықтап қалды. Қоғамдық жерлерде бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және өзге де санитарлық талаптардың орындалуын тексеру үшін рейдтер жалғасуда.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу