Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 1397 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 181117-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1398 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 163156. Қайтыс болғандар - 2510.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 119 адам ем қабылдап жатыр. 266 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 130 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47575 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35348 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 559.