Ақшаны депозитке доллармен жинайтындар 37%-ке дейін азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақшаны депозитке доллармен жинайтындар 37%-ке дейін азайды

26.01.2021

Елде ақшаны депозитке доллармен жинайтындар 37%-ке дейін азайды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаеватың айтуынша, қаржыны доллармен жинауға сұраныстың мұнша төмендеуі соңғы рет 2013 жылы болған. Ал депозитке теңгемен салынған қаражат керісінше 28%-ке дейін артты. Жалпы банктердегі ақша жинағы 16,1%-ке дейін көбейіп, 22 трлн теңгеге жеткен. Бір жылда халықтың депозитте жинаған ақшасы 3,5 трлн теңгеден асты.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу