Нұр-Сұлтан қаласында жедел жәрдем шақыру саны 3 есеге азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында жедел жәрдем шақыру саны 3 есеге азайды

28.07.2020
Нұр-Сұлтан қаласында жедел жәрдем шақыру саны 3 есеге азайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бүгін өткен Үкімет отырысында елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді. Оның айтуынша қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, ауыр халдегі науқастар саны 34%-ға төмендеген.

Алтай Көлгінов қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайғанын атап өтті.

«Қазір жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Ал коронавирус бойынша жедел жәрдемге жүгіну 500-ден 89-ға дейін, яғни 6 есеге азайды. Пневмониямен ем алып жатқан азаматтар саны 2 есеге азайды. Сондай-ақ, стационарлардың жүктемесі 99%-тен 38%-ке дейін төмендеді»,- дейді ол


Хабарламаларға жазылу