Ақтөбе облысында жас мамандарға қолдау көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жас мамандарға қолдау көп

16.02.2016
Ақтөбе облысында жас мамандарға қолдау көп
Былтыр медицина саласы бойынша 154 маман жетіспесе, бұл көрсеткіш биыл 94-ке дейін азайды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының арқасында Ақтөбе облысында мамандардың тапшылығы біртіндеп жойылып келеді. Былтыр медицина саласы бойынша 154 маман жетіспесе, бұл көрсеткіш биыл 94-ке дейін азайды.

2015 жылы 8 маманға баспана сатып алу үшін пайызсыз 2 миллион теңгеден артық қаржы берілген. 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы қоса төленді. Қазір Әйтеке би, Қобда, Темір және Шалқар ауданындарына баруға келіскен бірнеше студентпен келісімшарт жасалып, оқу ақысы төленуде.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу