Өз жобасын іске асыру үшін 10 әйел 4 мың доллар көлемінде грант жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өз жобасын іске асыру үшін 10 әйел 4 мың доллар көлемінде грант жеңіп алды

02.08.2017

Байқау жұмыссыз қыз-келіншектерді оқытып, ауыл-аймақта «жасыл» бизнесті дамытуға бағытталған. Үздік жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларын қамтып отыр. Жеңімпаздар Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткен әйелдердің екінші форумында марапатталды. Жиында экология, инновация және «ЭКСПО»-ға қатысты бастамаларды іске асырудағы қыз-келіншектердің рөлі талқыланды. Сондай-ақ, отырыс барысында кәсіпкер әйелдер халықаралық көрмелерге қатысып, озық жобаларын ұсыну ойларын жеткізді.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу