Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 1266 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 179720-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 1445 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 161758. Қайтыс болғандар - 2495.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 134 адам ем қабылдап жатыр. 285 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 8 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47445 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35220 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 558.