Зейнетақы қаржысы баспана құнына қаншалықты әсер етеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қаржысы баспана құнына қаншалықты әсер етеді?

24.01.2021

Сәрсенбіде Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов премьер-министр мен Ұлттық банк төрағасына азаматтардың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін алуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұрады.

«761 мың азамат осы ережені күтіп отыр, олар үйді де таңдап қойды. Ал бұл ережелер түрлі келісім мен бекіту үшін кабинеттер арасында «серуендеп жүр», - деген Жамалов сауалында. «Көптеген тұрғын пәтерді 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге наразы болып отыр. Олар өмірде болатын жағдайлар - басқа аймаққа немесе қалаға көшу, тұрғын үй жағдайын жақсарту секілді жайттар ескерілмегенін атап отыр. Сондай-ақ, азаматтар ақшаны салынып жатқан үйден пәтер алу мен тұрып жатқан үйіне жөндеу жүргізуге алуды сұрайды,- деген депутат.

Ертеңіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану ережесін бекітетін жарлық шығарғаны хабарланды. Онда азаматтардың пәтерді 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуді алып тастау туралы өтініші қанағаттандырылмаған. Сондай-ақ, ақшаны салынып жатқан үйден пәтер алуға, тұрып жатқан үйіне жөндеу жүргізуге пайдалану өтінішіне байланысты та ешнәрсе жоқ.

Жалпы, ережемен http://zan.gov.kz/ сайтынан оқып, таныса аласыз. Кеше «Отбасы банк» зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға өтініш беретін онлайн-платформаны іске қосты. Enpf-otbasy.kz деп аталады.

Сонымен зейнетақы салымын пайдалана алу мүмкіндігі туралы ақпарат шыққасын баспана бағасы көтерілді. Дегенмен тұрғын үй нарығы мамандарының айтары бар. Картинаны Азамат Алдоңғар сипаттап көреді.


Хабарламаларға жазылу