Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті азамат жантүршігерлік жол апатына ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті азамат жантүршігерлік жол апатына ұшырады

27.09.2017

Отандастарымыз отырған такси Кемерден Анталияға шыққанда апатқа ұшыраған. Қарама-қарсы бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан көліктер бір-біріне соғылған. Салдарынан түркиялық төрт азамат оқиға орнында көз жұмды. Ал, түрлі деңгейдегі жарақат алған отандастарымыз Анталиядағы ауруханаға шұғыл жеткізіліпті. Қазақстандықтардың ешқайсысында сақтандыру полисі болмаған. Сондықтан, медициналық шығынға қатысты мәселелер туындаған. Алайда, қазір барлығы оң шешімін тапты.     

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу