Түркияда тағы бір отандасымыз көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда тағы бір отандасымыз көз жұмды

03.08.2023

Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды. Марқұм Атыраудың тумасы. Қазір Аланияның ауруханаларында жол апатынан зардап шеккен 4 жерлесіміз жатыр. Одан бөлек 6 отандасымыз елге оралды. Естеріңізге сала кетейік, 30-шілде күні Түркияның Алания қаласына демалуға барған 12 қазақстандық мінген автобус көлік апатына түсіп, бір адам мерт болған. Кенже Мұңайтпасұлының денесі елімізге жеткізілді. Ол соңғы бес жылда Маңғыстау облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі болған. Араға үш күн салып тағы бір адам көз жұмды.

Ерлан Жетібаев, ҚР СІМ Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары:

Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу