Қостанай облысында 95 елді мекенді су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 95 елді мекенді су басу қаупі бар

20.01.2021

Көктемде Қостанай облысында 95 елді мекендегі 8 мыңнан аса адам тұратын 300-ге тарта үйді су басу қаупі бар. Тасқынға қарсы сараптама жүргізген Төтенше жағдай қызметінің өкілдері осылай дейді. Сонымен қатар облыстық деңгейдегі жолдардың 58 учаскесін және республикалық деңгейдегі жолдардың 31 учаскесін су шайып кетуі мүмкін. Аймақтағы тасқын суға тосқауыл болатын 22 бөгет жөндеуді қажет етеді. Бірақ жергілікті бюджеттен әлі күнге дейін бұған қажетті қаражат бөлмеген. Төтенше жағдай қызмет көктемгі тасқын кезінде жедел әрекет ететін 370 адамнан тұратын арнайы топ жасақталғанын айтады.

Едірес Тәкенов, облыстық ТЖД бөлім басшысы:
Қазір Қарасу, Әулиекөл, Меңдіқара аудандарында өлшеніп жатыр. Қардың қалыңдығы 14-16 сантиметр. Норма - 16 сантиметр. Бірақ болжам бойынша қар әлі түседі. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу