Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Республика бойынша 143 пунктте 1200-ден астам аудитория жұмыс істеп жатыр. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, тестілеуге 120 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланған. Талапкерлерге 120 тест тапсырмасына жауап беруі үшін 240 минут уақыт беріледі. Қатысушылар барлығы 140 балл жинай алады. Ал тестілеу барысын жоғары оқу орнының қызметкерлері мен Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері бақылауда. Сондай-ақ, елдегі эпид ахуалға байланысты, түлектер тестілеуді 5 ақпанға дейін 15 лек бойынша тапсырады.
Жандос Құмғанбаев, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы Алматы филиалының өкілі:
Бұрын бір күні 800 оқушы ҰБТ қатысатын болса, қазіргі жағдайда еліміздегі жағдайға байланысты 200-ден аспайды. Оқушылар кірер кезде арнайы туннельден өтеді. Температурасы өлшенеді.