Елімізде рейдтік шаралар күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде рейдтік шаралар күшейтіледі

19.01.2021

«Қызыл» аймаққа енген өңірлерде мобильді топтардың белсенділігі төмен. Салдарынан тұрғындар карантиндік талаптарды ұмытқан. Тіпті «коронавирус қауіпсіз, вакцина тиімсіз» деген қауесет тарап жатыр. Елдегі эпидахуалға қатысты ішкі істер министрі осылай деді. Сондықтан рейдтік шараларды күшейтіп, арнайы топтардың жұмысын жандандыру керек. Қазір республика көлемінде 19 блокбекет орнатылған. Санитарлық бекеттердің 9-ы Алматы, 4-еуі Қостанай, 2-еуі Ақтөбе өңірлерінде. Ал Атырау облысы аумағында 4 блокбекет қойылған. Сондай-ақ әуежайлар мен теміржол вокзалдарында жолаушылар ағыны аз емес. Күніне 31 мыңдай адам ары-бері жол жүреді. Соңғы уақытта орташа есеппен тәулігіне 150 адам карантинге жабылып жатыр.   

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі: 
-Карантиндік іс-шараға 10 мыңнан аса полицей мен Ұлттық ұлан әскері тартылды. 290 карантиндік объекті бақылауда.   

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу