Алматы облысының Ақсу ауданында 22 жастағы азаматтың өз-өзіне қол салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 4 полицей теріс себептермен қызметінен кетті. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің басшысы да қызметінен босатылмақ. Естеріңізге сала кетейік Жансүгіров ауылында аудандық полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларымен карта ойнап, қомақты сома ұтылып қалған ауыл тұрғыны суицидқа барған. Облыстық полиция департаментінің басшылығы істі бақылауға алып, тиісті шаралар жүргізуде.
Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:-Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодексінің 105-бабы, 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу шаралары жүргізілуде, қажетті сараптама тағайындалды.
Қуаныш Қанатұлы