Павлодарлық төрт полицей қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық төрт полицей қызметінен кетті

17.08.2017

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын қаладағы дәмханалардың бірінің маңында тәртіп сақшылары мен бірнеше ер адам арасында қақтығыс туындаған. Облыстық ІІД бастығы бүгін қарамағындағы қызметкерлерді жұмыстан шығарғанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл полицейлердің тікелей басшылары да назардан тыс қалмаған. Жол-патрульдік қызмет батальонының командирлері мен орынбасарлары тегіс жазаланған. 7 адамның бірі қатаң ескерту алса, енді бірі қызметінен кеткен.

 

Бейнегүл АБАУОВА

Хабарламаларға жазылу