Элизабет Тұрсынбаева Бурабайда мұз үстінде Димаштың әніне би биледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева Бурабайда мұз үстінде Димаштың әніне би биледі

17.01.2021

Атақты мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Димаш Құдайбергеннің салған әніне мұз болып жатқан Бурабай көлінде билесе, Каспий теңізінде мектеп оқушысы Нұрәлі Бектеміров «Zack Gray» есімді әншінің «Try» әніне мәнерлеп сырғанайды. Клипті ағасы түсірген.

Айта кететіні, америкалық әнші әлеуметтік желідегі парағында «Қазақстан, сүйіспеншілігіңе рахмет!» деп жазып, роликпен өзінің аккаунтында бөліскен. Ал бұрынғы мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова қатып жатқан Қапшағай қоймасына қызыл көйлекпен шығып, қойылым түсірген деуге болады. Әдемі роликтерден үзінді ұсынамыз.

Хабарламаларға жазылу