Мәнерлеп сырғанаушы Э.Тұрсынбаева жанкүйерлерінен келесі кезеңде ойналатын музыканы таңдау үшін көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәнерлеп сырғанаушы Э.Тұрсынбаева жанкүйерлерінен келесі кезеңде ойналатын музыканы таңдау үшін көмек сұрады

14.04.2016
Мәнерлеп сырғанаушы Э.Тұрсынбаева жанкүйерлерінен келесі кезеңде ойналатын музыканы таңдау үшін көмек сұрады

Қазақстандық мәнерлер сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева өзінің жанкүйерлерінен келесі маусымда өнер көрсететін музыканы таңдауға көмек көрсетуді сұрады.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, сәуір айының басында 16 жасар Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасындағы чемпионатта алғаш рет өнер көрсетті. Екі бағдарламаның ұпайлары бойынша, қазақстандық қыз Бостонда 12-ші орынға тұрақтады. 

Ақпан айында Э.Тұрсынбаева Қазақстан атынан Лиллехаммерде 2016 жылғы екінші жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, қола медальды жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу