Ақмолалық полицейлер боранды, аязды күндері бір мыңнан астам адамның діттеген жеріне жетуіне жәрдемдесті. 528 көліктің жолда қалып қоймауын қамтамасыз етті. Қолайсыз ауа райына байланысты облыста барлық бағыт бойынша жолдар жабылғаны белгілі. Сол себепті автокөліктер бекеттерде көптеп жиналды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оларды ұйымдасқан түрде бағыт алған жерлеріне жеткізіп салды.
Әсет Байтеленов, облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:
Ақмола облысы аумағында 22 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам түрлі дене жарақатын алды. Олар қазіргі таңда медицина мамандарының бақылауында. Бір қуантарлығы, көз жұмғандар жоқ. Әлі қыстың ортасы, қолайсыз ауа райы алдағы уақытта да болары анық. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырамыз.
Ермек Елберген