Зейнетақы жинағын пайдалану: Банктен арнайы шотты қалай ашуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағын пайдалану: Банктен арнайы шотты қалай ашуға болады

13.01.2021

Зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігі түсетін шотты бүгіннен бастап онлайн ашуға болады. Ол үшін «Отбасы банкінің» қосымшасында немесе сайтында жеке кабинетке кіру қажет. Ал шот ашылған соң, зейнетақы қорындағы ақшаныңыз алдымен сонда түседі. Кейін оны баспанаға немесе емделуге жұмсай аласыз. Тек растайтын құжаттар қажет. Қаржы қолға берілмейді. 45 күн Отбасы банкінің шотында жатады. Осы уақыт ішінде оны мақсатты түрде жұмсап үлгермесеіңіз, қаржыңыз қайтадан Зейнетақы қорына қайтарылады. Ал ақшаны алу үшін өтініштерді қабылдау жақын күндері басталуы тиіс. Ол үшін арнайы онлайн платформа әзірленіп, дайын тұр.   

Досжан Маратұлы  


Хабарламаларға жазылу