4 және 10 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 30 адам көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Нұр-Сұлтан қаласы - 4Алматы қаласы - 8Ақтөбе облысы - 2Алматы облысы - 4Атырау облысы - 3Шығыс Қазақстан облысы - 4Жамбыл облысы - 1Батыс Қазақстан облысы - 1Қостанай облысы - 1Павлодар облысы - 2
Пандемия басталғалы елде коронавирустан 2 349 адам қайтыс болды.
Айта кетерлігі, індеттің таралуы бойынша Ақмола, Қостанай облыстары «қызыл» аймақта, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, СҚО, Атырау, Павлодар облыстары «сары» аймақта болса, қалған өңірлер «жасыл» аймақта.