Қазақстанда коронавирустан бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

29.12.2022

Қазақстанда коронавирустан тағы өлім тіркелді. Кейінгі тәулікте 263 адамнан коронавирус анықталып, бір адам қайтыс болған. Қазір коронавирустан жалпы саны 2729 адам емделіп жатыр.

Олардың ішінде 256 пациент стационарда. 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 7 адамның жағдайы ауыр. 6 пациенттің жағдайы өте ауыр. 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу