Алматы облысында оқушы саны 300-ге жететін мектептер штаттық режимде жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында оқушы саны 300-ге жететін мектептер штаттық режимде жұмыс істейді

11.01.2021

Алматы облысында оқушы саны 300-ге жететін мектептер үшінші тоқсаннан штаттық режимде жұмыс істейтін болды. Бірақ барлық санитарлық талаптар сақталуы керек. Әр сыныпта 15 оқушыдан артық отырмауы тиіс. Ал облыс орталығы Талдықорған қаласында ата-аналар өтінішімен бесінші сыныпқа дейін кезекші сыныптар ашылады. Қалада мұндай форматтағы оқу қаңтардың 21-нен басталады. Өңірде қазір эпидахуал тұрақты. Екінші жартыжылдықта өңірдегі 57 колледжде 1 курста оқитын 11 мыңнан астам студент аралас форматта, 19 мың білім алушы қашықтан оқытылады. 

Айжан Адамбекова, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
-Сонымен қатар бізде мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары дәстүрлі форматта пәндердің 70 пайызын оқи алады. Яғни 70 пайыз пән мектепте оқытылса, 30 пайыз пән қашықтықтан оқытылады. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу