Қазақстан-Қытай шекарасы штаттық режимде жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай шекарасы штаттық режимде жұмыс істейді

21.01.2022

Қазақстан-Қытай шекарасындағы тексерулер тауарларды заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер туралы комитет хабарлады.  

Айта кетейік, Президент тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы Қазақстан-Қытай шекарасында тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру тек қана уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты жүзеге асырылады. Қазір нарықта Қытаймен импорттық операциялар жүзеге асыратын 7 000-нан астам сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жұмыс істейді, оның 17-сі уәкілетті экономикалық оператор. Оларға импорттың барлық көлемінің 18% тиесілі.


Хабарламаларға жазылу