Мьянмада 14 экипаж мүшесі мен 120 кісі мінген әскери ұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянмада 14 экипаж мүшесі мен 120 кісі мінген әскери ұшақ апатқа ұшырады

07.06.2017

Әуе көлігі Мьей қаласынан Янгон қаласына бағыт алғанда Андаманд теңізіне құлаған. Франс пресс агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында әскерилер мен олардың отбасы болыпты. Қазір оларды іздеу операциясы жүріп жатыр. Оған кемелер мен авиация техникасы жұмылдырылған. Құрбандар туралы ақпарат жоқ.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу