Алматы облысында шағын моторлы ұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында шағын моторлы ұшақ апатқа ұшырады

18.10.2021

Алматы облысында чартерлік рейс кезінде шағын моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Оқиға жексенбі күні күндізгі сағат 11.00 шамасында болған. "Cessna 182" ұшағы Балқаш көлі маңындағы ұшу алаңынан көтеріле бергенде аударылған.

Бортта бір экипаж мүшесі және бір жолаушы болған. Екеуі де дін аман. Ал әуе кемесі толығымен қираған.


Хабарламаларға жазылу