Енді 100 мың теңге пара берген адам 2 млн теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді 100 мың теңге пара берген адам 2 млн теңге айыппұл төлейді

08.01.2021

Енді 100 мың теңге пара берген адам 2 млн теңге айыппұл төлейді. Осыған дейін 1 млн теңге болатын. Яғни, жемқорлыққа қатысты салынатын айыппұл екі есеге өсті.

Бірақ бұл заң 50 айлық есепті көрсеткіш көлеміндегі параға ғана қатысты. Ал жалпы жемқорлыққа байланысты жаза одан да күшейтілді. Яғни, бұрын ең көбі 5 жылға бас бостандығынан айырылса, енді 7 жылға дейін. Және мұндай қылмыс автоматты түрде ауыр қылмыстар санатына ауысты. Яғни, мерзімінен бұрын босатылу, жазасын қауіпсіз калонияда өтеу деген енді болмайды. 

Амангелді Сейітхан

жемқорлық жаза айыппұл

Хабарламаларға жазылу