Келесі жылы 4 млн-ға жуық қазақстандық декларация тапсыруға міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы 4 млн-ға жуық қазақстандық декларация тапсыруға міндеттеледі

14.12.2023

Келесі жылы 4 млн-ға жуық қазақстандық декларация тапсыруға міндеттеледі. Кәсіпкерлер мен өзге де тұлғалар және олардың жұбайы жеке табысы туралы деректерді 15 қыркүйекке дейін өткізуі тиіс. Оны жазбаша және электронды түрде тапсыруға болады.

Жалпыға ортақ декларацияны 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы ұсынып келді. Екі жыл бойы 580 мың адам тапсырды. Биыл квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайлары қосылды. Осылайша, тағы 2 млн 100 мың адам қамтылды. 2025 жылы 6,5 млн адам, яғни зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар мен студенттерге міндеттеледі. Осылайша, жалпыға ортақ декларацияны кемі 13 млн адам тапсырады. Табысын уақытылы көрсетпегендерге әуелі ескерту беріледі. Бір жыл ішінде талапты қайта бұзса, 52 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.


Хабарламаларға жазылу