Ақтөбе облысында кеншілердің отбасыларына материалдық көмек беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында кеншілердің отбасыларына материалдық көмек беріледі

05.01.2021

Ақтөбе облысындағы «Мыс компаниясы» кенішіндегі оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жазатайым оқиға желтоқсан айының отызы күні болған.

Бір жарым шақырым тереңдікте жарылыс ұйымдастыру кезінде 4 шахтер қаза тапты. Тағы бірі жарақаттанды. Алдын ала болжам бойынша, олар газға уланған болуы мүмкін. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Марқұмдардың отбасына кәсіпорын есебінен қаржылай көмек берілетін болды және олардың ең кіші баласы 18 жасқа толғанша жалақылары сақталады. Одан бөлек баспана мәселесін шешуге де көмек көрсетіледі. Ал, жарақат алған жұмысшыға бес миллион теңге төленеді. «Ақтөбе мыс компаниясы» аталатын мекемеге тиесілі кен орны Хромтау ауданының Көктау ауылында орналасқан.

Артур Әуезов, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы:
-Қаза тапқан отбасыларға 20 миллион қаражат бір жолғы көмек ұйымдастырылып отыр және үй мәселесі. Ол отбасылар қай жерден алатынын өздері шешеді. Ақтөбе немесе Хромтау.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу