Елордалық полицейлер Ақтөбеде қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына 11,5 млн теңге аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық полицейлер Ақтөбеде қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына 11,5 млн теңге аударды

13.06.2016
Елордалық полицейлер Ақтөбеде қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына 11,5 млн теңге аударды

Елордалық полицейлер Ақтөбе қаласындағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек көрсетіп, туыстарының шотына 11,5 млн теңге аударды.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына бір күндік жалақысын аудару жөнінде шешімді жалпы жиналыс кезінде бірауыздан қабылдаған.

Полицейлердің айтуынша, әскери қызметкерлер батырлық пен ержүректілік танытып, лаңкестердің қару мен оқ-дәрілерге қол жеткізбеуі үшін өмірлерін құрбан етті. Ақтөбедегі оқиға ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің полицейлері артында кәмелеттік жасқа жетпеген төрт баласы қалған әскери қызметкерлер Берікжан Қалиев пен Даниэль Майлыбаевтың отбасыларының шоттарына 5 миллион теңгеден аударды. Сондай-ақ ҚР ІІМ Ұлттық гвардия әскери қызметкері Досбол Сапардың ата-анасының шотына 1,5 миллионға жуық теңге аударылды. 

Хабарламаларға жазылу