Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары 18-ші қаңтарға дейін ұзартылды. Дегенмен, өңірдегі бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес 6 қаңтардан бастап облыс аумағында жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен шағын автобустар қатынасына рұқсат берілді. Сондай-ақ, білім мекемелеріндегі асханалар жұмыс істей бастады. Олар тамақтану залындағы орындардың 30 процентін ғана пайдалануы қажет. Театр мен кинотеатрларға да тура сондай талаппен жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Берік Көшербай