Басты Жаңалықтар Алматыда карантин талаптарын бұзғандарға 78 млн теңге айыппұл салынған

Алматыда карантин талаптарын бұзғандарға 78 млн теңге айыппұл салынған

Алматыда соңғы екі айға жуық уақытта карантин талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғаларға 950-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, 78 миллион теңге шамасында айыппұл салынған. Сондай-ақ, 15 материал сотқа жіберілген. Жалпы мониторингтік топтар осы уақыт аралығында 5 жарым мыңнан астам нысанды тексеріп, 1100-ге жуық карантин талаптарын бұзу дерегін анықтаған. Қазір мегаполис бойынша 32 мониторингтік топ көпшілік орындарды тексеруді жалғастыруда.  

Нұрхан Нұрланұлы

Бөлісу